Жамбыл облысында 170 бизнес субъектісінің несие төлемі жыл соңына шегерілді

None
None

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы кәсіпкерлердің несие төлемі жыл соңына дейін шегерілді. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды- инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев ӨКҚ алаңында

өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысында 170 шағын және орта бизнес субъектілерінің екінші дәрежелі банктер арқылы несиелендірілген қолданыстағы 306 келісімшарты бойынша 16 156,8 млн теңге көлеміндегі несие сомалары 2020 жылдың соңына дейін кейінге шегерілген.

Брифинг барысында Аспандияр Сейсебаев болашақта мектептер мен колледждерде азаматтардың кәсіпкерлік жүргізуге қатысты сауатын арттыру үшін «Кәсіпкерлік негіздері» пәні оқытылатындығын да айта кетті.

Аталған салада азаматтардың сауатының аздығы саланы дамытуда шешілуі қажет басты мәселе болып отыр.

Сондай-ақ, басқарма басшысы кәсіпкерлік саласының кейінгі жылдардағы көрсеткіштеріне де тоқталды.

«Айта кетейік, Жамбыл облысында соңғы 10 жылда шағын және орта кәсіпкерліктен өндірілген өнім көлемі 520,4 млрд теңгені құраған. Осыдан он жыл бұрын бұл көрсеткіш 3 есеге төмен, яғни 167,3 млрд теңге болатын. Соңғы 10 жылда белсенді шағын және орта кәсіпкерлер саны облысымызда 37,1 мыңнан 69,9 мыңға жетіп, екі есеге жуық өскен. Бұл саладағы жұмыспен қамтылғандар саны 127,4 мың адамға жетіп отыр»,- деді А.Сейсебаев.

Соңғы жаңалықтар