Жамбыл облысында 19 мыңға жуық көшет отырғызылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбылдықтар бүгінгі республикалық көгалдандыру акциясына белсене атсалысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға облыс басшысы Асқар Мырзахметов бастаған әкімдік аппараты, аудан әкімдері, Ардагерлер кеңесінің мүшелері, өзге де ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің төрағалары қатысты.

Облыс бойынша барлығы 18 466 адам 19 мыңға жуық көшет отырғызды. Оның ішінде, қарағай, шырша, қарағаш, арша, терек, емен, шетен, айлант секілді ағаш түрлері бар. Сенбілік өңірдегі 98 елді мекенді қамтыды.

Айта кетейік, аймақ басшысы тал егу акциясына облыстың шалғай ауданы – Мойынқұмда қатысты. Онда мойынқұмдық жастар мен өзге де жұртшылықпен бірге «Жаз Ата», «Жасыл ел» саябақтарына көшет егіп, шараға қарқынды үлес қосты. Аталған акция аясында облыс әкімі Асқар Мырзахметов және Мойынқұм ауданы әкімі Мәден Мұсаев туя, емен, терек ағаштарын отырғызып, игі істің маңыздылығына тоқталып өтті.

Бүкіләлемдік жасыл желек отырғызу күніне орайластырылған шара облыстың барлық аудандарында да жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар