Жамбыл облысында 29 жастағы көпбалалы ана алтын алқа иесі атанды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов көпбалалы аналарға алтын және күміс алқаны тапсырды. Мұндай құрметке аудан бойынша 25 ана ие болды. Оның ішінде ең жасы - 29 жастағы Арайлым Айтымбетова, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі таңда Сарысу ауданында көпбалалы отбасылар саны - 1655, оның 1142-сі алтын, күміс алқа иелері.
Ал, Жаңатас қаласында тұратын көпбалалы аналар саны -1380.
Оның ішінде 1015 ана - 4 бала және одан көп баласы бар аналар, яғни мемлекеттік жәрдемақы алатындар.
365 ана - «Алтын алқа», «Күміс алқа», Батыр ана, 1-2 дәрежелі «Ана даңқы» медаль иелері.
Аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов бүгін барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, алтын құрсақты аналарға алтын және күміс алқа мен кітапшаларды салтанатты түрде табыс етті.
«Сіздер тек балаларыңыздың алдында ғана ардақты емессіздер. Сіздер мемлекет алдында үлкен еңбек сіңіріп, мемлекет алдында елдің демографиялық өсуіне үлкен үлес қосып, абыройды асырдыңыздар», – деді аудан басшысы.
Шара барысында ақ жарма тілектер айтылып, көпбалалы аналар мемлекет тарапынан ана мен балаға жасалып отырған қамқорлыққа алғысын айтты.
- Таразда жастар арасындағы қылмыспен күрес мәселесі қаралды
- Қазақстандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы жөнелтілді
- Қайырымды істер марафоны: Өткен аптада қазақстандықтар қандай игі істер атқарды
- Масаншыдағы дүнген ұлтының өкілдері қазақ тілін үйренуде
-
Жамбыл облысында 28 ата-ана бала тәрбиелеу құқығынан айрылды
-
Жамбылда алғаш рет асқазан қатерлі ісігіне гастрэктомия операциясы жасалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам