Жамбыл облысында атқа мініп, жоғалып кеткен 7 жасар бала табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жоғалып кеткен 7 жасар Ерік Рысбайды іздеу жұмысы аяқталды. Бала дін аман, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов кәмелетке толмаған баланы ауқымды іздестіру іс-шараларын өзі басқарды.

Баланы полиция қызметкерлері мен жанашыр жергілікті тұрғындар Көкжілек ауылында, қамыс арасынан тапты. Ол кеше түнде сол жақта түнеп шыққан. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.


«Баланы іздестіруге 400-ден астам адам, оның ішінде полиция, әкімдік, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ ТЖД тікұшағы және жергілікті орман шаруашылықтарының бірінің АН-2 ұшағы жұмылдырылды» делінген ведомство хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін 15 қыркүйек күні Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында Күшәман ауылының жеті жасар баласы үйден атпен шығып, жоғалып кеткендігін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар