Жамбыл облысында бір күнде 600-ден астам жол ережесі бұзылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасының бірінші күні 600-ден астам жол қозғалы ережелері бұзылғандығы анықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде 21-27 қазаны аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдыналу іс-шарасы өтуде. Шара жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтың алдын алу болып мақсатына негізделген. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Іс-шараның бірінші күнінің өзінде 642 жол ережелерін бұзушылық анықталды. Оның ішінде 94-і жаяу жүргіншілерге, 58-і жүргізуші көлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдалануына, 76-сы жылдамдықты арттыруы және қауіпсіздік белдігіне қатысты 80 дерек тіркеліп, жүргізушілер жауапқа тартылған. Сондай-ақ, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 55 адам тоқтатылса, 9 жүргізуші масс күйінде көлік тізгіндегені белгілі болды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, бір күннің қорытындысы бойынша айыптұраққа барлығы 22 көлік қойылды.

Соңғы жаңалықтар