Жамбыл облысында бүкіл бағыттар бойынша жол ашылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында барлық автожолдар ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Instagram парақшасында мәлім етті.

Еске сала кетейік, кеше ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың нашар көрінуі) «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 160-238 шақырымында автокөліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынған еді.

Еске салайық, кеше Жамбыл облысында қатты дауыл соғып, салдарынан Тараз қаласында нысандардың жартысынан көбі электр жарығынан ажыратылды, электр тасымалдау желілері істен шықты, көптеген ғимараттың шатыры жұлынып, ағаштар құлады, автомобильдер бүлінді.

Дауыл салдарынан қазіргі уақытта бірқатар аудан жарықсыз және көгілдір отынсыз отыр.

Осы уақытқа дейін қарлы боранда жолда қалып қойған 26 адам құтқарылды.



Соңғы жаңалықтар