Жамбыл облысында департамент басшысы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы AntikorNEWS алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ол қарамағындағы қызметкерден оны департамент бастығының орынбасары лауазымына тағайындауға жәрдем көрсету үшін алынған 2 млн теңге сомасындағы параны лауазымды тұлғаларға беруге итермелеу және алаяқтық күдігі бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы тергелуде. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа берілді», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.
Оның айтуынша, күдіктінің кінәсіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.
- Жамбылда денсаулық саласындағы қызметкерлердің 85 пайызы – қыз-келіншектер
- Қазақстанда апта ішінде болған тағайындаулар
- Қостанай облысындағы жол ашылды
- Жамбыл облысындағы ауылда сұлулық студиясы ашылды
-
Сапарбаев 101 жастағы кейуананың үйіне барып, 8 наурыз мерекесімен құттықтады
-
Қос қолсыз тігінші: Сенім болса, кез келген қиындық еңсерілмек
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам