Жамбыл облысында екі ауылға таза ауызcу кірді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында екі ауылға таза ауызсу құбыры тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Жамбыл ауданы Қаратау ауылының 110 үйдің тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізді.

Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаевтың айтуынша, мемлекеттік бағдарламалар ауылдарды дамытуда және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуда маңызды рөл атқарады.

«Қаратау ауылына ауыз су, көгілдір отын берілген соң, көше жарықтандыру, жол жабындысын төсеу жұмыстары жүргізіледі»,- деді ол.

Жуалы ауданы Жұрымбай ауылының тұрғындары да таза ауыз судың пайдасын сезінуде. «Байсын-А» ЖШС өкілдерінің айтуынша, су 126 метр тереңдіктен тартылуда, 16 шақырым су құбыры жүргізілген.

Аудан әкімі Нарбай Ергебеков биыл тағы бірнеше ауыл ауыз суға қосылатындығын айрықша атап өтті.

«Жыл сайын ауданның елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі артуда. Биыл тағы бес ауыл орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі», - деді аудан әкімі.


Соңғы жаңалықтар