Жамбыл облысында қанша шақырым жол жөнелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Жамбыл облысында жергілікті желі жолдарын орташа жөндеу бойынша 28 жоба іске асырылуда. Жол жұмыстарымен облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 214 шақырымы қамтылды. Бүгінге дейін соның 120 шақырымы жөнделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Жол саласының мамандары «Қырғызстан шекарасына Тараз қаласының «Оңтүстік айналма» автомобиль жолын салу» жобасын аяқтады, «Ерназар-Қойгелді» аудандық маңызы бар автожол учаскесінде көпір салу жұмыстары жүргізілуде. Нысан ағымдағы жылы пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, өңірде облыстық маңызы бар жол учаскелеріне орташа жөндеу жүргізілуде: «Берлік-Мойынқұм-Ұланкөл», «Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент», «Ақкөл-Қойгелді», «Тараз-Аса-Ақкөл-Саудакент», «Б.Момышұлы-Көлтоған-Қошқарата-Қызтоған», «Луговой бекеті-Қорағаты-Тәтті», «Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық», «Ақкөл-Ойық-Ұланбел», «Құмарық-Қызылту-Ақыртөбе», «Құмарық-Юбилейное», «Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ».

Бұдан бөлек, жөндеу жұмыстары аудандық маңызы бар жолдарда да жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, «Бесағаш-Юбилейный», «Қаракемер - Қарасай батыр - Еңбекші», «Сортөбе-Ауқатты-Қызылсай», «Ақтоған-Қазақдихан», «Меркі-Талдыбұлақ», «Қызыл қыстақ-Арал Қыстақ», «Қостөбе-Бурыл» және «Тараз-Талас бекеті» учаскелері қамтылды. Сондай-ақ, Қордай, Қожағаппар, Шынбұлақ және Жайлаукөл ауылдарының кіреберіс жолдары жөнделді.

Сонымен қатар, облыста елдімекендердің 136 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның барысында орташа жөндеумен 230 шақырымнан астам көше қамтылды.

«Осылайша, жыл қорытындысы бойынша жергілікті желі жолдарының 95%-ын нормативтік жағдайға келтіру көзделген»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар