Жамбыл облысында қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақ арсеналы табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қару-жарақтарды іздеп-табу жұмыстарын күн сайын жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бұл жолы полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағында 20 қару, 3 граната, патрондар, оқ-дәрі, полиция шлемдерін, тізе төсегіштер мен газтұтқыштар тауып, тәркіледі.

«Қарулардың қатарында үш Калашников автоматы, екі Макаров тапаншасы, Сайга мылтығы, тегіс ұңғылы мылтықтар, револьвер, травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы мылтықтың кесіндісі, газды және жарық-шу гранаталары, түрлі калибрлі 363 патрон болды. Қару-жараққа сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», - делінген ведомство мәліметінде.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адамдар, егер оның басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салды. Құпиялылықтың сақталатынына кепілдік беріліп отыр.


Соңғы жаңалықтар