+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

Жамбыл облысында көпбалалы отбасыға ауылдастары асарлатып үй салып берді

2020 жылғы 13 қараша 15:50
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында көпбалалы отбасыға ауылдастары асарлатып үй салып берді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылындағы көпбалалы отбасының отағасы Бақтияр Жампозовқа баспана кілті табыс етілді. Бес бөлмелі үй жергілікті биліктің қолдауымен «Асарлатып үй салу» жобасы аясында тұрғызылған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 2021 жылы 6 мың шақырым жол салынады Жамбыл облысында өрт сөндіруші бейтаныс әйелді ажалдан аман алып қалды Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады

Салтанатты шараға арнайы қатысқан Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев үй иелерін құттықтап, бақ-береке, тыныштық тіледі.

«Асар» – халқымыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрі, ол адамдарды ізгі іске жұмылдырып, жас ұрпақты мейірімділік пен жанашырлыққа баулиды. Қазақтар ешқашан жетімдері мен жесірлерін жылатпаған. Жерлестеріміздің мұқтаж жандарға көмектесу туралы осындай ұсынысты бір ауыздан қолдағаны қуантады. Мұндай мереке әр отбасында бола берсін!» - деді облыс әкімі.

Бүгінде Бақтияр жұбайы Жанар Мұхамедияровамен бірге алты бала тәрбиелеп отыр.

«Үлкен немерем 11 жаста, кішісі бір жасқа толды. Біз өте бақыттымыз және арманымыздың орындалуына көмектескен жанашыр адамдарға шын жүректен алғыс айтамыз. Ұлым қоғамдық жұмыстарға тартылған, ал келінім декреттік демалыста. Олар ұзақ жылдар бойы тұрғын үйді жалға алып, тапқан ақшаларының барлығын дерлік сонда жұмсап жүрді. Енді олар өз үйлерінде барынша еркін өмір сүреді деп ойлаймын. Қазіргі қуанышты әсерімізді сөзбен айтып жеткізе алмаймын», - дейді үйдің әжесі Илан Айтқұлова көзіне жас алып.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT