Жамбыл облысында мас жүргізуші велосипедшіні қағып өлтірді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында мас жүргізуші велосипед айдап бара жатқан 20 жастағы жігітті қағып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жамбыл облысы Шайқорық ауылының 37 жастағы тұрғыны бұған дейін көлікті мас күйінде басқарғаны үшін сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылған болатын. Соған қарамастан ішімдік ішіп, «Ауди-80» автокөлігінің руліне қайта отырған ол, 20 жастағы велосипедшіні мерт қылды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды.
«Аталған дерек бойынша Жамбыл ауданының полиция бөлімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 5-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік мас күйіндегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеу өндірісі басталды. Көлік құралының жүргізушісі сол күні ұсталып, қамауға алынды», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, тиісті сот сараптамалары тағайындалды.
Бұл дерек бойынша белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7-9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.
- Жерорта теңізінде қайық аударылып, 130-ға жуық мигрант опат болды
- Ақтауда ер адам дүкенге қарақшылық шабуыл жасады
- Қызылордада 42 жастағы ер азамат алғаш рет төлқұжат алды
- Футболдан Қазақстан біріншілігі: Бүгін жетінші тур ойындары басталады
-
Бүгін Қасым Қайсеновтың туған күні
-
ШҚО тұрғыны полицияға 1889 жылы шыққан қаруды тапсырды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам