+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Жамбыл облысында тағы екі ауыл таза ауыз су тұтынатын болды

2021 жылғы 6 қаңтар 01:56
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында тағы екі ауыл таза ауыз су тұтынатын болды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Байзақ ауданында Сеңкібай және Жаңатұрмыс ауылында су қабылдау имараттары мен су құбыры желілерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Ағымдағы жылдың сәуір айында құрылысы бастау алған Сеңкібай елді мекеніндегі ауыз су құбырының мердігері – «Фортис» ЖШС. Жалпы құны 341 млн. 663 мың 321 теңгені құраған.

Шараның салтанатты ашылуына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил жергілікті тұрғындарды айтулы оқиғамен құттықтады.

«Таза ауыз су – денсаулықтың кепілі екені бәріңізге белгілі. Бүгінде, аудан бойынша сегіз елді мекенде осындай жұмыстар жүргізілді. Соның төртеуі биыл ауыз су жүйесіне қосылып, аудан бойынша ауыз сумен қамтылған елді мекен саны 24-ке жетіп отыр. Биыл Мырзатай ауылдық округіне 500 млн. теңгеден астам инвестиция құйылған болса, соның ішінде, 350 млн. теңгеден астам қаржы осы Сеңкібай ауылына құйылды. Ол қаражаттың 341 млн. теңгеден астамы ауыз су құрылысына бөлінсе, қалған қаржыға осындағы үш көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Ауыл халқының табысы көбейе берсін, бүгінгі қуаныштарыңыз құтты болсын», — деді Қ. Исмаил.

Өз кезегінде ауыл тұрғындары атынан ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Әлімбаев, ауыл ағасы Әуесхан Байгелов ретімен сөз алып, биылғы жылда ауылдық округтегі оң өзгерістерді атап шықты. Ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамту ісіне мұрындық болған облыс, аудан, ауылдық округ әкімдеріне шынайы алғыстарын жеткізді. Дәстүрге сай, ауыз су ғимаратының лентасы қиылып, су қондырғысы іске қосылды.

Сондай-ақ, бұл күні Жаңатұрмыс ауылындағы су қабылдау имараттары мен су құбыры желілері де іске қосылды. Ауыз су ғимаратының лентасы салтанатты түрде қиылып, су қондырғысы іске қосылдын.

Айта кетейік, екі елді мекенде де жергілікті тұрғындар арасынан «Байзақ Су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны арқылы 3 машинист және 1 бақылаушы тұрақты жұмысқа қабылданған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT