Жамбыл облысында заңсыз аң аулағандардан екі қару тәркіленді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында көктемгі аңшылық маусымының ашылуына байланысты қаскөйлікке қарсы 6 рет рейд ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткізілген рейд нәтижесінде ҚР ӘҚБ кодексінің 382 бабының 1-тармағы бойынша 10 хаттама толтырылып, 2 аңшылық атыс қаруы тәркіленді.

Облыстық жануарлар дүниесі аңшылық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Бекжан Жұмағұловтың айтуынша, жалпы облысымызда барлығы 58 аңшылық алқабы бар.

Оның 44- і 27 табиғат пайдаланушы иелігіне бекітіліп берілген, ондағы жер көлемі 1,9 миллион гектарды құрайды.

«Өңіріміздің аңшылық алқаптарындағы аң-құстардың белгіленген заң аясында 17 түрін ғана аулауға рұқсат етілген. Оның ішіне тұяқтылардан қабан, елік, тау ешкісі, терісі бағалы аңдардан – түлкі, қарсақ, қоян, ондатра, суыр, борсық, қанаттылардан – үйрек, қаз, жылқышы, қырғауыл, кекілік, бөдене, кептер, ұлар, қасқалдақ құстары кіреді»,-дейді Б.Жұмағұлов.


Соңғы жаңалықтар