+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Жамбыл облысында жасырын қоймадан 9 қап есірткі табылды

2020 жылғы 30 қазан 21:10
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында жасырын қоймадан 9 қап есірткі табылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында жасырын қоймадан тоғыз қап есірткі заты табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Допинг операциясы: Төрт күнде 63 адам жауапқа тартылды

Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2020» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Шара барысында Тұрар Рысқұлов ауданының құмға жақын маңдағы аймағында есірткінің жасырын орнын қазу кезінде Тараз қаласының 29 және 37 жастағы екі тұрғынын қолға түсірді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жасырын қоймада жалпы салмағы 68 келі 450 грамм «кептірілген марихуана» салынған 9 полипропилен қап табылып, тәркіленді. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» делінген ведомство хабарламасында.

Күдіктілер өз кінәсін мойындап, Тұрар Рысқұлов АПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT