Жамбыл облысындағы республикалық трассаларда жол ережесі бір күнде 247 рет бұзылған

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдарда бір күнде 250-ге жуық жол ережесін бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ Жамбыл облысының аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы өткізіледі.

Профилактикалық рейдтің бір күнінде республикалық маңызы бар жолдарда 247 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтсақ, 79 жүргізушіге қатысты қозғалыс жылдамдығын арттырғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Ал, көлік құралын мас күйінде басқарған 1 жүргізуші және бағдаршамның тыйым салынған бөлігінен өткен 1 жүргізуші анықталды. Сондай-ақ, міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқарған 5 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылса, жол қозғалысы ережесін бұзған 14 жаяу жүргінші анықталды.

«Қауіпсіздік белдігін тақпай көлікті басқарған тағы 10 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзған 7, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланған 13 жүргізуші анықталып, айып тұрағына 1 автокөлік қойылды», - деді Жамбыл облысының ПД БПП командирі Серғазы Әбдіқұлов.


Соңғы жаңалықтар