Жамбыл Жабаев - 175: Киевте поэзия оқулары өтті

КИЕВ. ҚазАқпарат - Украина астанасы Киевте қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында поэзия оқулары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Facebook парақшасында мәлім етті.
Қазақтың көрнекті суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Киевтегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның Украинадағы Елшілігімен бірге Жамбыл Жабаев атындағы көпшілік кітапхана ғимаратында поэзия оқуларын өткізді.
Іс-шараға қатысушылар Ж.Жабаевтың қазақ, украин және орыс тілдеріндегі өлеңдерін - «Тарас», «Алатау», «Ұлыма жауап» және тағы басқа шығармаларын жатқа оқып, өмірбаянын айтып берді.
Сонымен қатар, қазақ тағамдарымен шай дастарханын ұйымдастырды.
Жалпыға мәлім, биыл Қазақстан Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өтеді.
Киев көшелерінің бірі оның құрметіне аталған және «Нивки» саябағында ескерткіш орнатылған.
- Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
- Қазақстан мен Өзбекстан қылмыспен күресте өзара іс-қимылды нығайтады
- ҚР Президенті Ержан Қазыханға тапсырма берді
- Қандастардың Түрікменстаннан Қазақстанға қоныс аудару мәселесі талқыланды
-
Санкциялардың Қазақстанға әсер еткенін қаламаймыз – АҚШ Елшісі
-
30 жылдық ынтымақтастық АҚШ пен Қазақстан қатынастарына оң әсер етті – Елші
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам