Жамбылда 20 мыңға жуық уақытша және тұрақты жұмыс орындары ашылады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында 56 миллиард теңгеден астам қаражатқа 690 жоба жүзеге асады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол туралы бейнеселекторлық режимінде өткен жиында айтылған. Онда облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және төтенше жағдай аясында қабылданып жатқан әлеуметтік төлемдер жөніндегі ұйымдастыру шаралары туралы баяндады.

Оның айтуынша, Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 690 инфрақұрылымдық жоба анықталса, оларды жүзеге асыру үшін 56 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылған. Нәтижесінде 18,7 мың уақытша және 1100-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

- Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында іске асырылатын барлығы 690 инфрақұрылымдық жобалар белгіленіп, бұл мақсатқа 56,163 млрд.теңге қаражат қарастырылып отыр. Осы нысандарда барлығы 18736 уақытша жұмыс орындары ашылатын болса, оның 50 пайызы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасады. Сонымен қатар, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 1119 тұрақты жұмыс орындары құрылады,- деді Бекболат Орынбеков.

Аталған инфрақұрылымдық жобалар әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, инженерелік-көлік инфрақұрылымдық, елді мекендерді абаттандыру жүзеге аспақ.

Сондай-ақ, Бекболат Орынбеков төтенше жағдай кезінде табыстан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындауға байланысты бірқатарға жайттарға тоқталды. Соның бірі – екінші деңгейдегі банктердің кеңселерінде және «Қазпошта» бөлімшелерінде шот ашуға ниет білдірген адамдар қарасының қалыңдығы. Бұл орайда Ұлттық банктің облыстық филиалы мен «Қазпошта» АҚ басшылығына тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар