+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Жамбылда 200-ге жуық есірткі қылмысы анықталды

2021 жылғы 20 сәуір 03:40
Бөлісіңіз:
Жамбылда 200-ге жуық есірткі қылмысы анықталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер есірткі қылмысына қарсы белсенді күрес жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 196 есірткі қылмысы анықтады. Оның ішінде, есірткі өткізудің 39, аса ірі мөлшерде сақтаудың 19, есірткі құралдарының контрабандасының 4, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірудің 1, қылмыстық теріс қылықтардың 133 дерегі белгілі болды.

«Заңсыз айналымнан 114 келі түрлі есірткі құралдары, оның ішінде 40 келі марихуана, 73 келіден астам гашиш, 570 грамнан астам героин және 10 грамм синтетикалық есірткі құралдары алынды», - деп қорытындылады Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Дінмұхамбет Қойториев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT