+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Жамбылда 21 жылдан соң кісі өлімінің құпиясы ашылды

2019 жылғы 20 қараша 23:31
Бөлісіңіз:
Жамбылда 21 жылдан соң кісі өлімінің құпиясы ашылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында кісі өлтірген қылмыскер 21 жылдан соң анықталып, ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада 14 мал ұрлығы қылмысының беті ашылды БҚО-да тұрғындарды 9,2 млн теңгеге отырғызып кеткен алаяқ сотталды Ақмолада «Тумгоевтер» қылмыстық тобын құрғандар сотталды

Биыл 16 қарашада Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы полиция бөлімі қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 21 жыл бұрын кісі өлтірген Мойынқұм ауылының 61 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Күдікті өз түсініктемесінде аталған жағдайдың достарымен ішімдік ішіп, ерегесіп қалуы салдарынан болғанын мәлімдеді. Ерегес кезінде күдікті «ИЖ» маркалы 12-калибрлі қарудан оқ атып, ер адам оқиға орнында ажал құшады. Тергеу жұмыстарының барысында күдіктінің көрсетуімен үйінің ауласынан жерленген мәйіттің қалдықтары табылды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, 1998 жылы болған қылмыстық оқиғаға қатысты оқ дауысын естіген куәгердің түсініктемесі бар.

Одан бөлек, күдікті 2013 жылы ерікті түрде қару өткізу акциясы аясында оқ атылған қаруды Мойынқұм ауданы ішкі істер бөліміне өткізгенін айтты. Өткізгені туралы мәлімет АЕК-ға тіркелген.

Бүгінде аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлімімен (кісі өлімі) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT