Жамбылда 23 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат -Жамбыл облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2 мыңнан астам жобаны жүзеге асыру жоспарлануда,-деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресмиүсатына сілтеме жасап.

Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте айтылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жұмыс орындарының қысқаруын және жұмыссыздықтың өсуін болдырмау мақсатында жалпы сомасы 56,7 миллиард теңгеге 2058 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде білім беру саласы бойынша 158 жоба, денсаулық сақтау саласы бойынша 58, әлеуметтік қорғау саласы бойынша 13 және басқа да бағыттар бойынша түрлі жобалар бар.

Бұл жобалар жүзеге асқанда 23 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде десек, олардың жартысы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы қамтылмақ.

Сондай-ақ, қосымша қаражат бөлу арқылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 43,2 миллиард теңгеге 460 жобаны іске асыру күтілуде. Ол 3450 жұмыс орнын құруға мүмкіндік бермек.


Соңғы жаңалықтар