+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Жамбылда 46 жастағы әйелді ұрлап әкеткен күдіктілер құрықталды

2021 жылғы 20 сәуір 01:41
Бөлісіңіз:
Жамбылда 46 жастағы әйелді ұрлап әкеткен күдіктілер құрықталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер адам ұрлығы қылмысын ізін суытпай ашты,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында студентті өлтірген күдіктілер ұсталды Арқалықта 15 жасар жасөспірім өтіп бара жатқан қыздарға оқ атқан Талдықорғанда 23 жастағы ер адам полицейге пышақ салды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында полицияға Тараз қаласының тұрғыны хабарласып, 46 жастағы жақын туысының кенеттен жоғалып кеткені туралы айтқанын хабарлады.

«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 125-бабымен (Адам ұрлау) шұғыл түрде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кәсіби жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі күдікті анықталып, ұсталды» делінген жазбада.

Жәбірленуші әйелді полицейлер Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінен тапты.

Полиция генерал-майоры Ж. Сүлейменов аталған қылмыстық істің тергеп-тексеру барысы ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT