+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Жамбылда алты айда өрт оқиғасынан 14 адам қаза тапқан

2021 жылғы 21 шілде 19:40
Бөлісіңіз:
Жамбылда алты айда өрт оқиғасынан 14 адам қаза тапқан

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында ағымдағы жылдың алты айында 310 төтенше жағдай тіркеліп, 4866 адам зардап шегіп, өкінішке орай 18 адам қаза тапқан,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде құтқарушылар пәтерде қамалып қалған балаға көмекке келді Елордада жоғалған балалар табылды Нұр-Сұлтанда кафе жанынан салынған монша өртенді

Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Тараз қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің мәжіліс залында, карантиндік шараларды сақтай отырып, Жамбыл облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Мақсат Қосыбаевтың төрағалығымен ағымдағы жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар бойынша жедел кеңес өткізілді.

Қорытынды кеңесте құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелер бастықтарының баяндамалары тыңдалды. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау мақсатында жедел кеңес төрағасы полковник М.Қосыбаев қызмет бағыттары бойынша нақты талаптар қоя білді.

Жалпы, ағымдағы жылдың алты айында облыс аумағында 310 төтенше жағдай тіркелген. Олардан 4866 адам зардап шегіп, өкінішке орай 18 адам қаза тапқан.

Сондай-ақ облыс аумағында 284 өрт оқиғасы орын алып, салдарынан 14 адам ажал құшқан. Өткен жылдың тиісті кезеңімен жылмен салыстырғанда өрттердің саны 24 пайызға, материалдық залал 20 пайызға, өрттерден қаза болғандар 7 есеге өскен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT