+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

Жамбылда аудан орталықтарының да  ажары артады – Асқар Мырзахметов

2019 жылғы 16 қазан 21:41
Бөлісіңіз:
Жамбылда аудан орталықтарының да  ажары артады – Асқар Мырзахметов

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов тек облыс орталығының ғана емес, аудан орталықтарының да сәулеттік келбетін арттыру бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

​Тараз қаласының айналасынан жасыл аймақ құру, қала көшелерінің келбетін арттыру мәселелері облыс басшысы аймақ басшысының тікелей назарындағы дүниелер. Сондай-ақ, қазіргі таңда тек облыс орталығының ғана емес, аудан орталықтарының да ажарын арттыруға бағытталған жұмыстарды жандандыру – негізгі талаптардың біріне айналып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармаларының тоғыз айлық есептік жиынында айтылды.

​«Тек облыс орталығы ғана емес, аудандар мен ауылдарда да халықтың басым бөлігі тұратынын ескеру керек. Ондағы тұрғындардың бәрі Тараз қаласына жиі келуге мүмкіндіктері бола бермейді. Сондықтан аудан орталықтарының сәулеттік келбетін арттырып, ондағы халықтың тынығуына, бой жазып серуендеуі үшін тиісті жағдайларды жасау керекпіз»,-деді облыс басшысы өз сөзінде.

​Жиында аудан орталықтарының сәулеттік келбетіне қатысты жұмыстар барысы жан-жақты сараланды. Бұл бағытта бұған дейін аталған басқарма мен аудан әкімдері арасында бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілген десек, аймақ басшысы бұл жоспардың қаншалықты орындалып отырғандығына аса көңіл бөліп, осы орайдағы жұмыстарды жандандыра түсуді тапсырды.

​Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша 377 елді мекен бар болса, оның ішінде халық саны 5 мыңнан асатыны — 28. Бұл елдімекендердің барлығы Бас жоспар мен оңайлатылған сызбаларымен қамтамасыз етілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT