+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Жамбылда бір күнде 10 мыңнан астам мұқтаж отбасына құрбандық еті таратылды

2021 жылғы 22 шілде 00:38
Бөлісіңіз:
Жамбылда бір күнде 10 мыңнан астам мұқтаж отбасына құрбандық еті таратылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында Құрбан айттың бірінші күні 10243 отбасына құрбандық малының етін таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлтты ұйыстырған ұлық мереке Құрбан айт басталып, исі мұсылман жұртшылықтың қуанышын еселей түсті. Бүгін алғашқы күні шалынған құрбандық еттері Жамбыл облысы бойынша 10243 отбасына жеткізілді»,-дейді орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ақерке Бекқұлова.

Өңірдегі көмекке мұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі жанұяларға онлайн және мешіт арқылы қабылданған өтініштер бойынша табысталды.

Таңертең құрбандық шалу рәсімінде ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың өзі болып, Құран бағыштап, дұға жасаған.

Етті тарату үшін еріктілер тобы жұмылдырылып, арнайы көлікпен үйді-үйге жеткізілді. Көпшілік алғысын айтып, мерекемен құттықтаған.

Жалпы айта кету керек, биыл Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Б. Шиналиевтың 16 шілде күні жарияланған қаулысына сәйкес, құрбандық шалу рәсімі Qurban2021.kz арнайы сайтына онлайн тапсырыс беру арқылы жүзеге асты.

Сол сияқты, аталған сайт арқылы мұқтаж жандардың тізімі жасалған. Әлеуметтік көмек алу үшін осы сайтқа тиісті құжаттарды тапсыра отырып, тіркелу қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT