+7 (701) 759 90 19
USD 432.21 EUR 520.38
RUB 5.67 CNY 66.59
Jańalyqtar

Жамбылда бір күнде 5 ірі есірткі тасымалдаушы анықталды

2021 жылғы 24 ақпан 19:56
Бөлісіңіз:
Жамбылда бір күнде 5 ірі есірткі тасымалдаушы анықталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Допинг» республикалық кең ауқымды жедел-алдын алу шарасы жүруде, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда 200-ге жуық есірткі қылмысы анықталды Атырауда 3 айда есірткімен байланысты 36 құқық бұзушылық анықталды СҚО-да ер адам 2 келі есірткімен ұсталды

«Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері түрлі есірткі құқық бұзушылықтарының 8 дерегін анықтады. Олардың 5-еуі – аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын өткізу мақсатында және оны заңсыз сақтауға қатысты қылмыстар, сондай-ақ қоғамдық орындарда есірткіні медициналық мақсаттан тыс қолдану.

«Шараның алғашқы күнінде есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы заттар мен медициналық техника айналымы саласындағы фармацевтикалық қызмет қағидаларының бұзылуын анықтады. Бір күнде заңсыз айналымнан 670 грамм 19 миллиграмм гашиш, 1 келі 652 грамм марихуана, күшті әсер ететін «Прозерин-Д» дәрісінің 10 ампуласы, «Дигоксин» дәрісінің 10 орамы, ауырсынуды басатын «Трамадол» дәрісінің 13 орамы тәркіленді», делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT