+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Жамбылда бір жылда 3 тоннадан астам есірткі тәркіленген

2021 жылғы 26 ақпан 01:48
Бөлісіңіз:
Жамбылда бір жылда 3 тоннадан астам есірткі тәркіленген

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Өткен жылы Жамбыл облысында заңсыз айналымнан 3 тонна 277 келі есірткі тәркіленген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 284 келіге көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның 5 облысында есірткі зертханаларын ашқан қылмыстық топ ұсталды Қызылордада қолдан жасалған құрт ішінен есірткі табылды Ақмола облысында есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Тәркіленген зиянды заттардың басым бөлігі, яғни 3 тонна 199 келі - марихуана, 1 келіден астамы - героин, 75 келіден астам гашиш және 2 келіден аса синтетикалық есірткі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков баяндады.

Жалпы, өңірде былтыр 251 гектар жерден 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылған.

Бұл жұмыс жер жырту, шабу, өртеу және гербицидтерді қолдану арқылы жүзеге асқан

«Былтыр Жамбыл облысы бойынша 815 есірткі қылмысы тіркелді. Оның ішінде 220 - қылмыс дерегі және 595 - қылмыстық теріс қылық. Есірткі сатып, оңай олжаға кенелгісі келгендерге қатысты 120 дерек анықталған. Ал, есірткі затын аса ірі мөлшерде сақтау қылмысының жалпы саны - 68 болса, есірткі контрабандасының 6 дерегі бар» -деді, А. Жұмабеков.

Сондай-ақ, брифинг барысында ел арасында есірткі бақшасын егетіндердің бары айтылды.

Мәселен құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірудің 26 дерегі кездескен.

Тәркілеу кезінде есірткі заты бар өсімдіктердің 733 түп данасы жойылған.

Қазір қала көшелері мен үй қабырғаларына граффити жазу арқылы есірткі затын насихаттайтындар көп кездеседі.

Осындай жолмен ұсталғандарға қатысты 3 дерек тіркелген.

Полицейлер мен жергілікті ерікті жастар бірігіп Тараз қаласында 1000-нан астам жазба өшіріліп, 59 интернет сайт бұғатталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT