Жамбылда игерілмеген егіс алқаптары мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Өткен жылы Жамбыл облысында 2503 гектар игерілмеген егістік жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ал 7197 гектар егістікті пайдаланушыларға жер салығы он есеге дейін ұлғайтылыпты. Бұл туралы бүгін өңірілік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Бахтияр Көпбосынов баяндады.

Спикердің айтуынша, өңірде барлық бағыттағы жерлерге болжамды космомониторинг яғни әуе арқылы бақылау жүргізілген.

Нәтижесінде 25 мың гектар егістік жерлердің игерусіз қалғаны анықталды.

Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда біршама төмендеген.

Мәселен, сол жылы облыс аудандарында 35,5 мың гектар егістік жерлер игерусіз қалған десек, соған сәйкес қатаң шаралар қолдануға тура келген.

Қолға алған шұғыл шаралардан кейін игерілмеген егістіктің 2503 гектары мемлекет меншігіне қайтарылған.

Ал 7197 гектар егістікті пайдаланушыларға жер салығы он есеге дейін ұлғайтылыпған.

«Жалпы Жамбыл облысының жер қоры 14 427,7 мың гектарды құрайды. Бұл республика аумағының 5,3 пайызы. Оның ішінде ең ауқымды алқап – ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер. Аймақта игерусіз қалған алқаптарды ауыл шаруашылық айналымына қайта қосу қолға алынған. Айталық, 2019 жылы 199,1 мың гектар жер қайта қолдануға берілді. Осы мақсатта өткен жылы 18 конкурс өтсе, биыл 100 мың гектар айналымға қосылады. Осы жылы облыста 19 конкурс өткізіліп, 117,2 мың гектар ауыл шаруашылық жерлер қайта айналымға қосылады»,- деді басқарма басшысы.

Айта кету керек, аймақта былтыр бос жерлер бойынша 25 аукцион өткен. Оған 74 гектар жер шығарылып бюджетке 196,4 млн көлемінде кіріс келген.


Соңғы жаңалықтар