Жамбылда кәмелетке толмаған қызды зорлаған күдікті ұсталды

None
None
None

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер кәмелетке толмаған қызды зорлаған күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылдың 15 қарашасында «103» жедел жәрдем қызметінен Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады деген хабарлама келіп түсті. Аталған дерек бойынша Жамбыл облысының Полиция департаменті Қылмыстық Кодекстің 120-бабы 4-бөлімі және 121-бабы 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады»,-делінген департамент басшысының жазбасында.

Жамбылдық полицейлер ауыр қылмыс жасаған күдіктіні оқиғаның ізін суытпай ұстады. Жәбірленуші күдіктіні таныған. Қазіргі уақытта ол Тараз қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар