+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Жамбылда Конго-Қырым қанды безгегінің табиғи ошағы азайған

2019 жылғы 16 қазан 17:57
Бөлісіңіз:
Жамбылда Конго-Қырым қанды безгегінің табиғи ошағы азайған

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында Конго-Қырым геморрагиялық безгегінің табиғи ошағы 84-тен 48-ге кеміді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы баспасөз конференциясында Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанатбек Қартабаев атап өтті. Оның айтуынша, облыста ветеринарлық жағдай бірқалыпты және тұрақты бақылауда.

«Конго-Қырым геморрагиялық безгегінің табиғи ошағында орналасқан жекелеген елді мекендерде 3 жыл көлемінде ауру тіркелмегендіктен және ауру қоздырғышын тасымалдаушы кене анықталмауына байланысты биыл осындай елді мекендер саны 83-тен 48-ге кеміді. Кенеге қарсы жұмыстардың көктемгі екі кезеңі толық аяқталды. Нәтижесінде жоспарға сәйкес 48 елді мекенде көлемі 4 743 647 шаршы метр болатын 17 917 қора жай, 502 238 бас мал кенеге қарсы 100 пайыз дәріленді»,-деді Қанатбек Қартабаев.

Қазіргі таңда залалсыздандыру жұмыстарының күзгі 3 кезеңі атқарылуда. Сондай-ақ, табиғи ошақта 22 мал тоғытпасы және 38 душ қолданысқа алынған. Қора-жайларды дезинфекциялау жұмыстары 17 ДУК автокөлігімен жүргізілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT