Жамбылда заңсыз қызмет етіп жүрген Өзбекстан азаматтары елден шығарылмақ

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында заңсыз еңбек етіп жүрген төрт Өзбекстан азаматтары елден шығарылмақ. Бұл заң бұзушылық «Кашара» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған жедел профилактикалық іс-шарасы Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзуды анықтау үшін Жамбыл облысының аумағында ұйымдастырылды. Оған Жамбыл облыстық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлерінің жеке құрамы қатысуда. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жамбыл облысының Байзақ ауданы Тегістік ауылында фазенданы тексеру барысында заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі арнайы жеке рота қызметкерлері заңсыз еңбек қызметімен айналысатын Өзбекстан Республикасының төрт азаматын анықтады. Қазіргі таңда шетелдік азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК 517-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оларды ҚР шегінен шығарып жіберу мәселесі шешілуде»,-делінген ведомство хабарламасында.
- Шымкентте әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған акция өтті
- Министр этникалық қазақтарға азаматтық берудегі өзгерістер туралы айтты
- Автобус жолағында ресми таксопарк таксилері ғана жүре алады
- Жамбылда жеңіл өнеркәсіпті дамыту жолға қойылмақ
-
Ақмолада «Тумгоевтер» қылмыстық тобын құрғандар сотталды
-
Мемқызметшілердің қызметтік куәліктері сәйкестендіру карталарына алмастырылады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам