Жамбылда жол бойында 28 жылыту пункті жұмыс істеп тұр

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында қысқы кезеңге 28 жылыту пункті дайындалған.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Талғат Сабиров айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірдегі 28 жылыту пунктің 9-ы республикалық, 6-уы облыстық және 13-і аудандық маңызы бар автожолдарда орналасқан. Бұдан басқа, қосымша жылыту пункттері ретінде автомобиль жолдары бойында орналасқан білім беру объектілері мен елді мекендердің мешіттері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері пайдаланылмақ. Сондай-ақ, қысқы кезеңде республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарға қызмет көрсету үшін 196 бірлік арнайы жол техникасы дайындалған.

Бүгінде аталған жылыту пункттерін жылытуға 40 тонна көмір дайындалды. Жолға себу үшін 12 мың тонна құм, тұз, 44 тонна бензин және 156 тонна дизель отыны әзірленді. Облыстық ТЖД-мен қысқы кезеңге дайындық мақсатында жоғары жүрісті доңғалақ және шынжыр табанды техниканы қысқы жағдайда пайдалануға маусымдық техникалық қызмет көрсету жұмыстары ұйымдастырылыпты.

«Жеке құрамды тасымалдауға және зардап шеккендерді эвакуациялауға арналған көлік құралдарының жылыту қондырғыларының дайындығына бақылау жасалып, барлық автотехниканың жарамдылығы арнайы комиссия тарапынан тексерілді. Төмен температура жағдайында техника жұмысы үшін қысқы дизель отынының 9 тонна 300 литр қоры, 1 тонна 200 литр антифриз, 980 литр тосол және 15 литр қоспа дайындалды»,-деді Т.Сабиров.

Департамент басшысы төтенше жағдайлар туындауы мүмкін жерлерден байланысты қамтамасыз ету үшін бейнебақылау және бейнеконференц байланыс жүйесімен жабдықталған командалық-штабтық техникалары әзірленгенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар