+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Жамбылда жол ережесін бұзуды тіркейтін жаңа құрылғылар таныстырылды

2021 жылғы 19 сәуір 02:08
Бөлісіңіз:
Жамбылда жол ережесін бұзуды тіркейтін жаңа құрылғылар таныстырылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жол ережесін бұзуды тіркейтін жаңа аппараттық-бағдарламалық кешендер таныстырылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа құрылғылардың мүмкіндіктері жоғары: үш қатар жолаққа бақылау жасап, автокөліктерді 150 метр қашықтыққа дейін тіркей алады. Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов өзінің фейсбуктегі парақшасында xабарлады.

«Жол апаттарының орын алуының ең көп таралған себебі – жылдамдықты арттыру. Сондықтан, жүргізушілердің жауапкершілік деңгейлерін жоғарылату үшін техникалық бақылау құралдары қолданылады.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 3 «Интегра» аппараттық-бақылау кешені, 4 «Red speed», 38 «Автоураган» АБК, сондай-ақ «Hyundai» маркалы автокөліктер базасында 4 мобильдік «Автоураган» және «JAC» маркалы автомобильдер базасында 10 «Арқан» жүйесі жұмыс істейді»,-деп жазған өңірдің бас полицейі.

Қазіргі таңда Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «KAZ-STS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын тіркеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешендерінің мүмкіндіктерін зерделеуде екен. Компания өкілдері жол қозғалысы ережелерін бұзуды және іздеуде жүрген көлік құралдарын анықтай алатын «Кибер-Шериф» аппараттық-бағдарламалық кешенін таныстырды.

«Кибер-Шериф» жүйесі осыған ұқсас басқа жүйелерге қарағанда өте тиімді. Мәселен, «Арқан» жүйесі бұзушылықты бір орында тұрып тіркейтін болса, «Кибер-Шериф» автокөлікті қозғалыс кезінде тіркей алады, сонымен қатар, панорамалық түсірілім жасау мүмкіндігіне ие.

Сондай-ақ, полиция генерал-майоры «Оракул» жылжымалы кешенінің де таныстырылғанын жазды. Ол кез-келген көлік құралын 150 метрге дейінгі қашықтықта тіркейді, жолдың бір бағытында және қарсы бағытта үш жолаққа дейін бақылау жасайды, қозғалыс жылдамдығын 350 км/сағатқа дейін өлшейді.

Департамент басшысы мұндай инновациялық технологияларды енгізу облыс жолдарындағы жағдайға талдау жасауға мүмкіндік беретінін атап өткен.

«Бұл ретте, біздің мақсатымыз – құқық бұзушыларды жазалау емес, жол-көлік оқиғаларының санын азайту екенін айтқым келеді», - деп жазды ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT