Жамбылда жыл басынан бері 3 адам суға кеткен

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында өзен, көлдердегі рейдтік шаралар жалғасуда ,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен «Тараз 24» телеарнасының тілшілері бірлесе отырып Тараз қаласына жақын орналасқан Талас өзенінің арналарына «Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шараалрын сақтау» бойынша рейд ұйымдастырды.

Жүргізілген рейд барысында өзен маңында шомылып жүрген тұрғындарға судағы қауіпсіздік шараларын сақтау тақырыбындағы жаднамалар таратылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тұрғындарға суға батып бара жатқан адамды құтқару әдістері тәжірибелік тұрғыдн көрсетілді.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылы шомылу маусымы басталғалы бері 3 адам суға бату жағдайы бойынша қаза болып, 5 адам құтқарушылармен судан құқтқарылған. Облыс құтқарушыларымен облыстың барлық бассейндерінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді, демалушыларға жаднамалар таратылды және дауысзорайтқыш құралдары арқылы су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары ескертілді.

«275 қауіпсіздік белгілер (2020 жылы- 166), 39 билборд орнатылды. Сонымен қатар мектеп оқушыларымен 63 интерактивті сабақ өткізіліп, 18 бейнеролик әзірленді. Аталған тақырыпта облыс тұрғындарымен 252 жиын өткізілді. Қазіргі уақытта облыстың жазғы лагерлерінде профилактикалық және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу жұмыстары жалғасуда», -делінген ведомтсво хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар