Жаңа формация жастары жемқорлық пен непотизм көріністеріне төзімсіз болып келеді - Валихан Бахретдинов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Назарбаев Университеті Мемлекеттік жоғары саясат мектебінің мемлекеттік саясат магистрі, Президент жанындағы жастар саясаты кеңесінің мүшесі Валихан Бахретдинов жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік мәдениетін дамыту жайында пікір білдірді.

Тәуелсіздік алғаннан кейін туған қазақстандықтардың жаңа буыны өмірге деген саналы көзқараспен, әлеуметтік әділеттілік пен адалдыққа деген ұмтылыспен ерекшеленеді.

Жылдан-жылға қазақстандық қоғам құру процесіне барысына қатысып келе жатқан «мыңжылдықтар» буынын жалпыадамзаттық мен іскерлік қатынастардың заманауи қағидаттарын ұстану айқындатады.

Бұл көбіне өмірдің барлық салаларында, оның ішінде азамат пен мемлекеттік институттар арасындағы қарым-қатынастың сапасында көрінеді, бұл - менің ойымша, қоғамдағы оң өзгерістердің көрсеткіші.

Бір кездері бұрынғы Кеңес одағы елдерінде кең таралған материалдық байлыққа қол жеткізу жолдарын жоққа шығаратын гуманизмнің әлемдік тенденцияларына ілесе отырып, Қазақстан лайықты жас буынын тәрбиелей алғанын атап өткен жөн.

Жаңа формацияның жастары күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық пен непотизмнің көріністеріне сыншыл және төзімсіз болып келеді.

Сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздіктің өмірдің барлық салаларында тарауы әлемдік тенденция болып табылатындығымен қатар, Қазақстанда бұл үдеріс мемлекеттің кең қолдауымен қатар жүреді.

Мысалы, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Адалдық алаңы» жобасы - мемлекет пен азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жемісті синтезінің жарқын көрінісі.

Сондай-ақ, қазақстандық негізгі бұқаралық ақпарат құралдарының эфирінде сыбайлас жемқорлықты ұлттық әл-ауқат пен өркендеуге қауіп ретінде насихаттау үшін белсенді ақпараттық науқан жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған бұл шаралардың барлығы барлық салалардағы парақорлықтың алдын алуға айтарлықтай әсерін тигізіп, мемлекеттіқ кызметтер аясындағы адам факторын төмендетуге көмектесетін кеңейтілген ақпараттандыру саясатымен бірге жүреді.

Сонымен, қорыта айтқанда, Қазақстанның азаматтық қоғамында, әсіресе жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін дамыту туралы тұжырым жоғарыда келтірілген өзгерістерде айтылған елеулі әлеуметтік негізге ие.

Бұндай оң динамика алдағы уақытта да өсе беретіні және ел мен қоғамның дамуында айқындалатыны сөзсіз.

Бұл тұрғыда жастарды осы процестің негізгі күші ретінде тану керек деген сенім өзгеріссіз қалады.

Валихан Бахретдинов

Назарбаев Университеті Мемлекеттік жоғары саясат мектебінің мемлекеттік саясат магистрі, Президент жанындағы жастар саясаты кеңесінің мүшесі


Соңғы жаңалықтар