Жаңа қаулы: ШҚО-да балалар лагерлерінің жұмысына рұқсат берілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған келесі санаттағы азаматтар профилактикалық мақсатта ПТР әдісімен зертханалық тексеруден өтеді: мерзімді әскери қызметке шақырылғандар, стационарға жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызылған пациенттер, науқас балаға күтім жасауға медициналық ұйымдарға жатқызылғандар, медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан кіретін қызметкерлер, еңбек демалысынан, іссапардан, науқастануына және басқа да себептерге байланысты жұмыс орнында 5 және одан да көп күн болмаған медицина қызметкерлері» делінген құжатта.

Облыстың барлық өңірінде ғимарат сыртындағы базарларға аптаның барлық күндері шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етілді.

«Балалар сауықтыру лагерлеріне толтырылуы 50%-дан аспаған кезде жұмыс істеуге рұқсат берілген. Мешіттер, православ шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық іс-шараларды ашық ауада өткізуге болады. Бірақ маска режимі мен бір адамға кемінде 4 шаршы метр әлеуметтік қашықтық сақталуы тиіс. Бұқаралық спорттық шараларды өткізгенде ғимараттың толуы 30%-дан аспауы қажет» делінген қаулыда.



Соңғы жаңалықтар