Жаңа көліктерді қай өңір тұрғындары көп мінеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда ескі автокөліктер саны 8% азайды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда 870 318 жеңіл автокөлік бар. Оның 64,5% - шығарылғанына 10 жылдан асқан. 2015 жылы олардың үлесі 72,5% еді. Содан бері бұл көрсеткішті төмендету үшін елімізде қайта өңдеуге төлем енгізу және жеңілдетілген автонесие түрінде мемлекеттік ынталандыру шаралары қолданылды. Нәтижесінде ескі көліктер саны 8% азайды.

10 жылдан асқан автокөліктер Алматы облысында ең көп тіркелген (барлық ескі автокөліктердің 15,5% немесе 385 720 бірлік). Ең азы – Атырау облысында (1,5% немесе 36 945 бірлік).

Шығарылғанына 3 жылдан аспаған жаңа автокөліктер Нұр-Сұлтан (барлық жаңа автокөліктердің санынан 13,7% немесе 63 266 бірлік) және Алматы (16,9% немесе 78 079 бірлік) қалаларында ең көп тіркелген.

Жаңа автокөліктер Жамбыл (1,8% немесе 8 111 бірлік) және Түркістан облыстарында (1,9% немесе 8 877 бірлік) аз.


Соңғы жаңалықтар