Жаңа құрам бекітілгенге дейін Үкімет өз міндеттерін атқаратын болады - Жарлық

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында айтылған. ҚазАқпарат құжаттың толық мәтінін жариялайды.

***

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 15 қаңтар

№ 491


Соңғы жаңалықтар