Жаңа Орлеанда кибершабуылға байланысты төтенше жағдай жарияланды

None
None
ЖАҢА ОРЛЕАН. ҚазАқпарат – Жаңа Орлеан билігі қала ресурстарына жасалған кибершабуылға байланысты төтенше жағдай режимін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шаһардағы техникалық қызметтердің мәліметінше, кибершабуыл жергілікті уақытпен сағат 11:00-де басталған. Қалалық ақпараттық технологиялар департаменті серверлер мен компьютерлерді өшіре бастады», - деп жазды қала мэрі Латойа Кантрелл Twitter парақшасына.

Кантрелл, сондай-ақ, кибершабуылға қарамастан «911» жедел қызметі қоңырауларды қалыпты жұмыс режимінде қабылдап жатқанын жеткізді.

Оның сөзінше, жағдайды Лос Анжелес полициясы, Ұлттық гвардия, Жаңа Орлеанның федералды тергеу бюросы мен Құпия қызмет бөлімі тергеп жатыр.

Айта кетейік, Америка қалаларында төтенше жағдай режимі көбінде табиғи апаттар кезінде енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар