Жаңа шынайылық барлық салада сапалы өзгерісті талап етеді - Сенат депутаты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат депутаты Ольга Перепечина Мемлекет басшысының Жолдауында елдің дамуына барынша ықпал ететін жаһандық трендтер, жаңа экономикалық бағдардың негізгі идеялары, қағидалары, бағыттары мен маңызы көрсетілген деп есептейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шектеулер жағдайында Жолдауда, әсіресе, шиеленіскен және тез арада шешуді талап ететін ең өзекті мәселелер көрініс тапты. Тәуелсіздік жылдарында құрылған негізге табан тірей отырып, экономиканың жаңа құрылымы бәсекеге қабілетті нақты секторды, қызмет көрсетудің болашағы зор салаларын дамытуға, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыруға негізделетін болады. Бұл жаңа сын-қатерлердің әсерін, экономиканың шикізат цикліне тәуелділігін жоюға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарында – қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқаты, халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысын сақтау, қазақстандықтардың өмір сүру сапасы мен жағдайын жақсарту. Осыған байланысты, бірінші кезекте, әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру және халық пен бизнесті барынша толғандыратын мәселелерді шешу жөніндегі шаралар іске асырылатын болады.

Жолдауда мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлікті, инфрақұрылымды, цифрландыруды дамыту жөніндегі іс-шараларды одан әрі іске асыруға көп көңіл бөлінген. Мұның барлығы қазіргі жаңа шынайылықты ескере отырып жасалатын болады.

Мемлекет басшысының барлық бастамалары шынайы, ойластырылған, салмақты. Бұдан былай осы міндеттерді жедел іске асыру үшін Парламент Үкіметпен бірлесе отырып сапалы заңнамалық базаны қамтамасыз етуі шарт.


Соңғы жаңалықтар