«Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» тақырыбында онлайн диалог өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «ZEREN» республикалық жастар білім беружобасы аясындажастарды кәсіпкерлік қызметке тарту тетіктерін дамыту мен жетілдіруді талқылау бойынша «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» тақырыбында онлайн диалог өтті.

Диалог алаңына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халық Қаһарманы» Бақытжан Ертаев,
ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, сондай-ақ жас кәсіпкерлер, жастар белсенділері, жастар ұйымдарының көшбасшылары, сарапшылар және басқа да түрлі бағыттағы мамандар қатысты.

Спикерлер Қазақстанның ІТ-саласының даму перспективалары, отандық стартап-жобаларды іске асыру және жастар кәсіпкерлігін қолдауы туралы айтты.

Дәстүр бойынша «ZEREN» жобасында жастар қатыса алатын бірқатар бағыттар көзделген және биылғы жылы олардың барлығы онлайн-форматта ұйымдастырылуда.

Online Bilim - азаматтық белсенділік, жастардың кәсіпкерлігі, ақпараттық технологиялар, тұлғалық даму, волонтерлік қызмет тақырыптарында Қазақстанның 25 үздік спикері тренингтер өткізетін білім беру алаңы.

Online Dialog - түрлі салаларда пікір алмасуға арналған пікірталас алаңы. Online Dialog бағыты аясында жастар белгілі тұлғалармен мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың өзекті мәселелерін ашық талқылайды және конструктивтік бастамалар мен қызықты идеяларды ұсынады.

Жалпы, жоба зияткерлік дағдылар мен жеке капиталды дамыту мақсатында мемлекет пен жастар арасындағы диалог үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған.


Соңғы жаңалықтар