20:38, 15 Қазан 2019 | GMT +6
Жаңаөзенде 25 тозығы жеткен үй күрделі жөндеуден өтеді
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзендегі 25 тозығы жеткен үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
Бұл мақсатта «Самрұқ-Қазына Траст» АҚ 250 млн. теңге қаражат бөлмек. Қазір шаһарда 262 көпқабатты тұрғын үй бар, оның 92-і тозығы жеткен, 2-еуі апатты жағдайда тұр.
Осы уақытқа дейін апатты деп танылған «Шаңырақ» шағын ауданындағы №59, №43 тұрғын үйдің 73 пәтер иесі жаңа баспанамен қамтамасыз етілген. Ал, қалған тұрғындарды 2019 жылдың соңына дейін көшіру жоспарланған.