Жаңаөзенде жол апатынан 9 адам зардап шекті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Жол апатынан зардап шеккендер арасында 4 әйел адам мен екі жасар бала бар. Бұл туралы МО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты 9 қазан күні кешкі сағат 22:15-те болған. №22 шағынаудандағы мектеп жанында бірнеше жеңіл көлік соқтығысқан.

Салдарынан 9 адам зардап шегіп, олар Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілген.

«Зардап шеккендер арасында екі жасар бала болды, ол травматология бөліміне жабық ми жарақатымен жеткізілді. Миы шайқалған. Сонымен қатар, осы бөлімге 55 жастағы әйел адам оң жақ аяғының сүйегі сынып жатқызылды. Бұдан бөлек, 4 әйелдің де миы шайқалған. Ал, 22 жастағы ер адам мен 51 жастағы әйелге алғашқы көмек көрсетіліп, амбулаториялық емге жіберілді. Ал, бір адам ем алудан бас тартып, үйіне кетті» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар