Жаңаөзенде жыл соңына дейін 108 отбасы баспаналы болады

None
None
ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Биыл Жаңаөзен қаласында жалпы аумағы 10 мың шаршы метр болатын 108 пәтерлі екі көпқабатты түрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде қалада 8 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Соның бірі - «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған 160 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй кешені.

«Рауан» шағынауданында бой көтерген кешен 2 корпустан тұрады. Оның әрқайсысында 80 пәтер орналасқан.

Құрылыс жүргізуші мердігер мекеме «АС Құрылыс» ЖШС өкілдерінің айтуынша, нысан 2022 жылдың қараша айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Аталған үй Жаңаөзен қаласы әкімдігінің тұрғын үй кезегіне тіркелген азаматтарға «Отбасы банкі» арқылы ипотекалық несиеге беріледі.

«Жаңаөзенде ескі үйлерді жаңғырту жұмыстары да қызу жүруде. Қазіргі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қайтарымды қаражат есебінен «Шұғыла» шағынауданындағы бірінші және үшінші көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жасалып жатыр»,-деді Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Берік Ізғалиев.


Соңғы жаңалықтар