Жаңатастағы өрт: Қайтыс болған бес баланың ата-анасына үш бөлмелі пәтер берілді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы өрт салдарынан жапа шеккен отбасыға пәтер берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Жаңатас қаласындағы өрт салдарынан марқұм болған балалардың ата-анасына Жамбыл облысының әкімдігі тарапынан жан-жақты материалдық, психологиялық, дәрігерлік қолдау көрсету шаралары қолға алынған.
«Мәселен, жерлеу рәсімін ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органдар өз мойнына алды. Сондай-ақ, балалардың ата-анасына демеушілер есебінен Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер берілді, ал Сарысу ауданының кәсіпкерлері баспанаға қажетті жиһаз бен техника алып берді. Қоғамдық ұйымдар, демеушілермен 3 млн теңгеден астам қаржы жиналып, материалдық көмек көрсетілді»,-делінген облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын көмек ретінде жолдайтын болды.
- Қарағандыдағы пәтерлердің бірінен 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды
- Өскеменде отқа оранған үйден мүгедек әйел құтқарылды
- Лионда бомбаны залалсыздандыру үшін 4,5 мыңнан астам адам эвакуацияланды
- Ақсай қаласында екі автокөлік түйісіп, жүргізуші ауруханаға түсті
-
Ауғанстанда 15 полицей содырлар шабуылының құрбаны болды
-
Атырауда несие кеңсесін тонаған күдікті ұсталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам