Жәнібек Әлімханұлы WBO титулының иегері Деметриус Андрадені жекпе-жекке шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақтағы еш жеңілмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) өзінің Twitter парақшасында қарсыластарына арнап мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Қайдасыңдар, чемпиондар?», - деп жазды Жәнібек.

Әлімханұлы 2020 жылы чемпиондармен жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеген, ал одан бұрын орта салмақтағы WBO титулының иегері Деметриус Андрадені айқасқа шақырды.

Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 9 қарашада Калифорния штатының Фресно қаласында өткізді. Ол канадалық Альберта Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа жіберіп, WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын сәтті қорғады. «Қазақ бокс стилі» көктемде рингке қайта оралмақ.



Соңғы жаңалықтар