Жансая Әбдімәлік, Рухия Байдүкенова, Сәкен Бибосынов фильмге түсіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бурабайда режиссер Жансая Көпбаеваның «Жаңа болмыс» жобасының түсірілімі өтті. Бұл туралы Президент Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев телеграм каналында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңа болмыс» – бұл адамның рухани құндылықтарын бейнелейтін жеті көркем сюжет. Кейіпкерлердің рөлдерін актриса Инабат Әбенова, гроссмейстер Жансая Әбдімәлік, әнші Рухия Байдүкенова, боксшы Сәкен Бибосынов, композитор Олжас Байбеков, айти-вундеркинд Абзал Мырзаш сынды жас талантты қазақстандықтар ойнады.

Сондай-ақ жобаның басты кейіпкерлерінің бірі Бурабайдың бірегей табиғаты болып табылады. Сюжеттерден Үлкен Шабақты және Текекөл көлдерін, Кенесары үңгірін және таңғажайып «биші қайың» тоғайын тамашалай аласыздар.

Түсірілім процесінің қоршаған орта үшін қауіпсіздігін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволық қарасты ұйымы – «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ММ-ның қызметкерлері қамтамасыз етті.

Айта кетсек жоба «Хабар» телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілуде.


Соңғы жаңалықтар