Жансейіт Түймебаев: ҚазАқпарат – отандық ақпарат тарату саласының үздігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«ҚазАқпарат» – отандық ақпарат тарату саласының үздігі» Бүгін еліміздің экономикасы мен әлеуметтік-мәдени өміріндегі барлық маңызды жаңалықтарды мемлекеттік тілде ғана емес, орыс, ағылшын, қытай, өзбек тілдерінде, сонымен қатар латын және араб әліпбиінде әлемге жария етіп отырған «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігіне 100 жыл толып отыр.

Осы орайда, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев отандық ақпарат тарату саласының үздігіне баланатын мекеменің 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.



Соңғы жаңалықтар