+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Жапония 4,4 млрд доллар сомасында «вакцина қорын» құрмақ

2021 жылғы 13 қазан 23:35
Бөлісіңіз:
Жапония 4,4 млрд доллар сомасында «вакцина қорын» құрмақ

ТОКИО. Кyodo-ҚазАқпарат - Үкіметтегі дерекөздер сәрсенбіде Жапонияның жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар мен жаңа препараттар шығаратын фирмаларды қолдау үшін 500 миллиард иен (4.4 миллиард доллар) қорын құруды жоспарлап отырғанын мәлім етті етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде вакцина алғандар арасында тұрмыстық техника ойнатылды Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 8 054 450 адам салдырды Алматыда кәсіпорын қызметкерлерінің вакцина алған-алмағаны тексеріліп жатыр

Премьер-министр Фумио Кишида үкіметтің коронавирусқа және Жапонияның ғылымы мен технологиясына реакциясын күшейтуге уәде берді. Жапондық компаниялар COVID-19 вакциналарын жасауда шетелдік бәсекелестерден артта қалып, ел шетелдік дозаларға сенуге мәжбүр болған кезде бұл қорды құру идеясы пайда болған.

Дереккөздердің мәліметіне қарағанда, 31 қазанда төменгі палатаның сайлауынан кейін жасалатын экономикалық пакет аясында үкімет зерттеулерді күшейтуді және Жапонияны ғылым мен технологиялар еліне айналдыру мақсатында «университет қорын» 600 миллиард иенге кеңейтуді көздеп отыр.

4,5 триллион иендік қор жапон университеттерінің болашақ зерттеулеріне инвестиция салуы үшін наурыз айына дейін іске қосылады деп жоспарлануда. Кишида оны 10 триллион иенге дейін көбейтуді мақсат етеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT