Жапония парламентінде коронавирустың алғашқы инфекциясы тіркелді

None
None
ТОКИО. Киодо-ҚазАқпарат - Жұма күні Өкілдер палатасының мүшесі жаңа коронавирусқа оң нәтиже көрсетіп, ауруханаға жатқызылды. Бұл жапон депутатының алғаш инфекция жұқтыруы, деп хабарлайды ҚазАқпарат Киодо агенттігіне сілтеме жасап.

Биліктегі либералды-демократиялық партияның мүшесі Шуичи Такаторидің жұма күні таңертең ыстығы көтеріліп, 37 градустан асқан. Дегенмен ыстығы басылып, антигендерді сынау нәтижелері оң болды, дейді оның кеңсесі.

59 жастағы ер адам сәрсенбіде премьер-министр Есихидэ Суга сайланған төменгі палатаның пленарлық отырысына қатысқан. Сондай-ақ, онда бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэ және ЛДП бас хатшысы Тошихиро Никаймен амандасқан.


Соңғы жаңалықтар